2017 жылдан бері Азаттықтың әлеуметтік желілер бойынша продюсері. Астанадағы Назарбаев университетін тәмамдаған.
Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.
Алматыда таяуда ашылған модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан азаматтар "екі күн бойы ем-домсыз жатқанын" айтады. "Қызуым көтеріліп тұр" деген науқас өзі әкелген дәрісін ішкен.
Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасының инсульт бөлімінде егде жастағы туысы емделіп жатқан азамат «әжеме коронавирус табылған медбикелер қарап жатыр» дейді. Бөлімшедегі екі медицина қызметкері тұрғын сөзін растады.
1 сәуірде төрт-бес әйел Қызылорда облысы әкімдігіне барып, биліктен азық-түлік және қаржылай көмек сұрады. Кейін көмек сұрай келген әйелдердің бірі билікке наразылығын өлеңмен жеткізді. Оны кейін полиция ұстап әкетті.
Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары коронавирус індетіне байланысты карантинге жабылғанымен, қалалар арасында адам таситын кейбір такси жүргізушілері жұмысын тоқтатпаған.
Коронавирус қатты өршіп, әлемде көп адам үйден шықпай отыр. Осы сәтте қалалардағы ауа тазара бастағаны байқалады. Мұны зерттеушілер де аңғарған. Сіз де көз сала отырыңыз.
2010 жылы 12 наурызға қараған түні Алматы облысында бөгет жарылып, Қызылағаш ауылын су шайып кетті. Ресми дерек бойынша, 45 адам опат болды. 1857 үйді су алып, оның 631-і қирады. Азаттық тілшілері Қызылағаштың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Қазақстанда әр үшінші отбасында әлімжеттік жасалады. БҰҰ дерегінше, жыл елде тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан 400 әйел қаза табады. Бірақ ресми статистика жүргізілмейді. Дағдарыс орталығын паналаған Іңкәр және өзге де әйелдер күйеуінен көрген қорлығы туралы Азаттыққа айтып берді.
Айсұлтан Назарбаев жазбасындағы Бехзад Нагиби (Behzad Naghibi) кім?
Ақпанның 7-сінен 8-не қараған түні Жамбыл облысы Қордай ауданының Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында тұрғындар арасындағы төбелес этникалық жанжалға ұласты. Кемі 10 адам қаза болды. Азаттық тілшілері оқиғадан соң ауылдарды аралап, қанды оқиғаның куәгерлерімен тілдескен.
Америкалық зерттеуші Джонатан Хиллман "Пекиннің "Бір белдеу - бір жол" жобасы қытай компанияларына едәуір пайда әкелгенімен, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға көмектеспеуі мүмкін" деп санайды.
Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин 82 жасында Алматыда өмірден озды. Саясаткердің Азаттыққа берген сұхбаттарынан үзінді ұсынамыз.
Халықаралық ұйымдар 2019 жылы Қазақстанда "интернеттегі еркіндік тым нашарлап кеткенін" айтады. Соған қарамастан интернетте саяси белсенділік артты. Президент ауысты. Сайлау өтті. Саяси оқиға көбейді. Цензурасыз ақпарат беруге тырысқан ютуб арналар пайда болды. Солардың кейбірін шолып шықтық.
2019 жылы Қазақстанда Қытайға қарсы наразылық акциялары көбейді. Митингіге шыққандар ел экономикасына Қытайдың ықпалы артып келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп, биліктен Шыңжаңдағы этникалық қазақтарды қорғауға шақырды.
Желтоқсанның 20-сында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында "Жала жабу" бабы мен бейбіт жиындар, партияларды тіркеу талабы мен парламенттегі оппозиция туралы айтты.
Гонконгтегі наразылық Қазақстан студенттерінің көзімен.
Әлем бойынша әуе тасымалымен айналысатын "Air charter service" компаниясы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев №1 ұшақты қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бермей, өзі мініп жүргенін жазды. Бұл қаншалықты рас?
Климаттағы өзгерістер, жаһандық жылыну жайлы біліміңізді тексеріп көрейік.
27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні. Қазақстандағы туристер көп баратын жерлерді, тарихи ескерткіштерді қаншалықты білесіз? Тексеріп көрелік.
Біз әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінен “демократия” сөзінің мәнін сұрап көрдік. Ал сіз қалай ойлайсыз?
Тағы