Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
2006 жылы Шымкент ауруханаларында қан құю кезінде екі жүзге тарта бала ВИЧ жұқтырғаны анықталды. Олардың үлкені 14 жаста, кішісі жаңа туған нәресте болатын. Қазір бұл балалардың алды үйленіп, отбасылы болды. Өмірге дені сау бала әкеліп жатыр.
Мамандар кейінгі жылдары қоғамда әйелдер мәселесін жасырмай айтуға, проблемамен күресуге бейімделе бастады дейді.
Шымкенттегі "Көмек" әлеуметтік орталығы 2017 жылдан бері жүздеген адамға уақытша пана болып, мыңдаған адамға құқықтық, психологиялық көмек көрсетті. Мамандар кейінгі жылдары қоғамда әйелдер мәселесін жасырмай айтуға, проблемамен күресуге бейімделе бастады дейді.
Шымкенттегі базарда істейтін саудагерлер кейінгі кездері келетін азайып, сауда тұралап қалғанын айтады. Осылай кете берсе, банкротқа ұшырап, жұмысыз қаламыз ба деп қауіптенеді. Базар онлайнға көшкенін түсінген кейбір саудагер тауарын сатудың басқа тәсілдеріне төселе бастаған.
Арыстағы әскери қоймадағы жарылыстан соң снаряд қалдықтарын жинау кезінде ауыр жарақат алған бұрынғы әскери қызметкер Жомарт Мұғал қорғаныс министрлігінен баспанамен қамтуды талап етеді. Министрлік жарақаттан соң оның денсаулығына байланысты жұмыстан босатылғанын, қаржылай көмек берілгенін айтады.
2022 жылы 5 қаңтар түнде Шымкент қаласы әкімдігі алдында атылған оқтан 20 адам қаза тапты. Алғашында олар "жаппай тәртіпсіздік" бабымен күдікке ілінді. Кейіннен "айып дәлелденбей", іс қысқарып, "кездейсоқ қайтыс болған адамдар" тізіміне ілінді. Олардың өліміне байланысты іс те тоқтатылған.
2022 жылғы 5 қаңтарда Шымкентте әкімдік алдында атылған оқтан 20 адам қаза тапты. Билік іс қозғап, марқұмдар "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен күдікке ілінді. Кейін "айып дәлелденбегендіктен" іс қысқарды. Қаңтар оқиғасына үш жыл толғанда Азаттық бірнеше марқұмның туысымен тағы да сөйлесті.
Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында емделген екі қыз "мекеме қызметкерлері зорлады" деп шағынды. Кәмелетке толмаған қыз бойына біткен баланы денсаулығына байланысты алдырған. "Зорлау" бабымен іс қозғаған полиция күдікті кім екенін таба алмай жатыр. Арыз иелері "оларды білеміз" дейді.
Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында емделген екі қыз "мекеме қызметкерлері бірнеше рет зорлады" деп мәлімдеді. Қыздардың бірі кәмелетке толмаған. Полиция "Зорлау" бабымен іс қозғаған. Күдіктілер әлі анықталған жоқ. Жәбірленуші тарап кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.
Қазақстанда референдум өткен 6 қазанда бюллетеньді сайлау жәшігіне топтап салып жатқан адамның видеосы желіде тарап кетті. Содан бері екі ай уақыт өтті. Заң орындары ол видеодан еш қылмыс көрмейді, ал түсірдім деген адамдар үнсіз. Азаттық Factcheck.kz-пен бірлесіп зерттеу жүргізді.
Қазақстанда АЭС туралы референдум өткен күні дауыс беру жәшігіне топтап бюллетень салып жатқан адамның видеосы әлеуметтік желіде жаппай тарап кетті. "Ұлы көш" қоғамдық қорының тәуелсіз байқаушысы Берік Әбенов видеоны Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы №456 референдум учаскесінде түсіргенін айтты. Аумақтық референдум комиссиясы оны "бұрын түсірілген видео" деп жоққа шығарды. Бұдан соң екі жақ та үнсіз қалған. Азаттық Factcheck.kz-пен бірге осы видеоға фактчек жасады.
ҰҚК-нің Шекара қызметіне қарасты әскери бөлімде борышын өтеп жүргенде көз жұмған 18 жастағы Мұхамедияр Тастан өткен сенбіде Түркістан облысындағы өз ауылына жерленді. Ұлынан қапыда айырылып қалған әке-шешесі оның «өзіне-өзі екі рет оқ атқанына» сенбейді.
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілік соты күніне жүзден аса еңбек мигрантын "көші-қон заңын бұзды" деген айыппен жауапқа тартып жатыр. Олар – Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Мигранттар "іс тым баяу қаралып жатқанын, көбіне депортация жасалғанын" айтып шағынды.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік соты күніне жүзден аса еңбек мигрантын – Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарын «көші-қон заңын бұзды» деген айыппен жауапқа тартып жатыр. Қазақстанға жұмыс іздеп келген олардың көбі заңда көрсетілген айыппұлды төлеуге шамасы жоғын, соттың депортация жасау туралы қаулысына наразы болса да мойынсұнуға мәжбүр екенін айтады.
Түркістан облысында жүзге жуық еңбек мигранты бірнеше күннен бері Сарыағаш аудандық әкімшілік сотының маңын торуылдап жүр. Жиналғандар — Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Оларды Қазақстан "Көші-қон заңнамасын бұзу" бабымен айыптап, істерін сотқа жіберген.
Қазақстанда 863 мыңға жуық толық емес отбасының 72 мыңнан астамында балаларды әкесі жалғыз тәрбиелеп отыр. Мамандар жалғызбасты әкелер проблемасын ашық айтып жарияламайды, содан олар "үнсіз қоғамға" айналған дейді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 863 мыңға жуық толық емес отбасы бар. Оның 72 мыңнан астамында балаларды жалғызбасты әке тәрбиелеп отыр. Мамандар жалғызбасты әкелер проблемасын ашық айтып жарияламайды, содан олар "үнсіз қоғамға" айналған дейді. Ал толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан миллионнан аса балаға қоғам көмектесуі керек деп санайды.
Қазақстанда 2024 жылдың алғашқы алты айында, ресми дерек бойынша, кәмелетке толмаған мыңнан аса екіқабат қыз есепке алынған. 170-тен астамы аборт жасатқан. Дәрігерлер жасы жетпей бала көтеру жасөспірім қыздың өміріне қауіпті екенін ескертеді. Ондай қыздар арасында зорлық көріп, аяғы ауыр болғандар да бар. Бұл оларға физиологиялық, моралдық, психологиялық тұрғыдан ауыр тиеді, мінез-құлқы түбегейлі өзгереді дейді мамандар.
Тағы