Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Ауруханада көз жұмған науқастың туыстары екі жылдан бері Қарағанды облыстық аурухана дәрігерлерін жауапқа тартуға тырысып жүр. Әзірге еш нәтиже жоқ. Азаттық олардың талабын тыңдап, денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер қатесі үшін жазаны жеңілдетуге арналған бастамаларын шолып шықты.
Қарағанды облысы Ақтас ауылының тұрғыны Жандос Сәдуақасов өзі мәслихат депутаттығына үміткер ретінде сайлауға түскен учаскеде бюллетеньді топтап салу сияқты заңбұзушылықтар болғанын жазған. Енді өзі қысымға тап болғанын айтып отыр.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясында 4 жұмысшы қаза тапқаннан кейін 10 айдан соң кәсіпорын басшыларын сотқа тартып жатыр. Өндірісте апат жиілеп, адам қазасы көп тіркелсе де, істің бәрі бірдей сотқа жете бермейді. Айыпталушылардың туыстары шын кінәлілер жауапкершіліктен сытылып кетеді деп күйінеді.
Ақмола облысы Жолымбет ауылындағы алтын өндіретін фабриканың жұмысы тоқтап қалған. Кен орнын игеруші компания жұмысшыларға өзінің еншілес кәсіпорнынан жұмыс ұсынып отыр. Бірақ ондағы еңбек шарты көптің көңілінен шықпайды.
Украинадағы соғысқа Ресей жағынан қатысып, қаза тапқан Орталық Азия елдері азаматтары туралы хабарлар баспасөзде жиі шығатын болды. Дені – бұрынғы еңбек мигранттары, Ресейде сотталғандар. Жазасын өтеп жатқан түрмеден "ЧВК Вагнер" жалдамалылар тобына алынған олар қанды қасапқа тап болып, қырылып қалды. Донбасстағы соғысқа өз еркімен қатысып, ажал тапқан шетелдіктер арасында Қазақстаннан барғандар да бар.
Қарағанды тұрғыны пышақталғанын жарты жылдан бері полицияға дәлелдей алмай жүр. Полицейлер “дәлел жеткіліксіз” деп, істі жауып тастаған. Жәбірленуші құзырлы органдар қол қусырып қарап отырғанына шағынады.
Өмірлік түрме жазасын өтеп жатқан Владислав Челах өз ісін қайта қарауды өтініп президентке хат жазды. Челах 2012 жылы мамырда 15 адамды өлтірмегенін, шекара бекетіне шабуыл жасалғанын айтады. Құқық қорғаушы Қазақстан билігі Челахтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тексеріс жүргізуі керек дейді.
Қазақстанда экстремистік баппен айыпталған адамдар банк, сақтандыру және нотариус қызметін пайдалана алмайды. Оларды "терроризм мен экстремизмді қаржыландыратындар тізіміне" енгізеді. Өзін осы тізімнен шығаруды талап етіп, діттегеніне жеткен адам аз. Құқық қорғаушылар оның қиын екенін айтады.
3 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада апат болып, бес адам қаза тапты. Шахта ашылғалы онда жетпістен астам адам мерт болған.
Билік Қазақстандағы барлық елдімекенді таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бірнеше рет уәде берген. Бірақ ол орындалмады: Әне-міне келеді деген су құбыры жыл сайын кейінге қалады. Әзірге мыңдаған қазақстандық ауыз су былай тұрсын, тұрмысқа, бақша суғаруға қажет судың өзін сатып алуға мәжбүр.
Тамыздың соңында жүздеген әйел зейнет жасын төмендетуді талап етіп, митингіге шықты. Акция ұйымдастырушылары билік тарапынан қысым жасалғанын, шенеуніктер бейбіт жиынды ғимарат ішінде өткізуді сұрағанын айтады. Әйелдер зейнет жасын төмендету мәселесін былтырдан бері көтеріп келеді.
Қазақстанда екі мыңнан астам жұмысшы жалақысын ала алмай жүр. Ресми дерек бойынша, кәсіпорындардың жұмысшылар алдындағы қарызы миллиард теңгеден асады. Билік бұл жағдайды жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқықтық сауатсыздығымен байланыстырады.
"Ислам мемлекеті" тобының қатарында соғысып, радикал топтың үгіт-насихат видеоларына түскен қазақстандық азамат қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр. Ол интернеттегі уағызшылардың сөзіне еріп, Таяу Шығысқа қалай кеткені, Сириядағы өмірі мен Қазақстанға қалай оралғаны жайлы Азаттыққа әңгімелеп берді.
Тағы