Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді.
Қазақстанда үкімет құрамы жаңартылатыны хабарланды. Үкіметті ауыстырудың астарында не жатыр? Кәрім Мәсімовтің үкіметі не тындырды? AzattyqLIVE бұл туралы оппозициялық саясаткер Әміржан Қосановпен талқылады.
«Азат» азаматтық қозғалысының құрылғанына 26 жыл толды. Тәуелсіз демократиялық мемлекет құруды көздеген қозғалысты құруға септескен билік авторитарлық жүйе орныққан соң оны жоюға бар күшін салды дейді «Азаттың» бұрынғы жетекшісі Жасарал Қуанышәлин.
AzattyqLIVE хабарында "Түрік үкіметінің жүргізіп отырған саясаты терактілерді тоқтата ала ма?" деген сауалды журналист Бауыржан Кариповпен талқылады.
Қазақстанда әлеуметтік желідегі жазбалары үшін «заңсыз шеруге шақырды» деп айыпталған ондаған адам қамалды не ескерту алды. АzattyqLIVE бұл туралы «Әділ сөз» қорының өкілі Ғалия Әженовамен талқылады.
Астана мен Алматы қалалары және облыстарда жергілікті билік «заңсыз шеру өткізбек болған» азаматтық белсенділерді, студенттер мен қарапайым тұрғындарды ұстап, әкімшілік жауапқа тартты. Орал қаласында шеру өткізуге өтініш берген белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.
AzattyqLIVE хабарында "Азаматтардың ар-ождан бостандығы қалай жүзеге асырылады?" деген мәселе талқыланды. Хабарға құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев қатысты.
АzattyqLIVE Қазақстандағы сөз бостандығының жайын журналист Ермұрат Бәпимен талқылады.
Қазақстандағы сөз бостандығының жайы халықаралық ұйымдар сынына тағы ілікті. Бірақ билік онымен келіспейді. АzattyqLIVE тақырыпты журналист Ермұрат Бәпимен талқылады.
AzattyqLIVE ауыл шаруашылығы жерін сату мен жалға беруге қатысты қоғамдағы даулы мәселені журналист Рысбек Сәрсенбаймен талқылады.
Хабарда офшордағы жасырын қаржы мен олардың иелері, «Панамагейт» жанжалының Қазақстанда қалай қабылданғаны журналист Жанболат Мамаймен талқыланды.
AzattyqLIVE үкіметтің мемлекеттік мекемелерде гаджеттер қолдануға тыйымын блогер Нұрлан Жанаймен талқылады.
AzattyqLIVE хабарында құқыққорғаушы Амангелді Шорманбаев Бурылдағы оқиғаны талқылады.
Саясаткер Жасарал Қуанышәлин оппозициялық күштердің биылғы мүмкіндігін саралайды.
Қазақстанда соңғы бірнеше сайлауда парламентке билікті қолдайтын күштер ғана өтіп келген. Бұл сайлау өзгеріс әкеле ме? AzattyqLIVE белсенді Жасарал Қуанышәлинмен осы жайлы талқылады.
Қазақстанда күніне 100 адамнан рак табылады. AzattyqLIVE медицина ғылымдарының докторы Ғалым Әділбаевпен ракпен күрес жайын талқылады.
Билік жүйесіндегі лауазым иесінен оппозициялық тұлғаға айналған Заманбек Нұрқаділов туралы онымен жақын араласқан публицист пікір бөлісті.
Үкіметтік емес ұйымдардың Қазақстан, Тәжікстан мен Түркіменстан жайлы бірлескен шолуында үш елде азаматтардың негізгі бостандықтарының бұзылып отырғаны айтылған.
Таңертеңгі сағат 7.00-де Алматыдағы 322-сайлау учаскесінде кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру басталды. 26 сәуір 2015 жыл.
Мұнай бағасының құлдырауы мен Батыс санкциялары салдарынан Ресей рублінің құнсыздануы қазақстандық тауар өндірушілерге кері әсерін тигізді.
Тағы