Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
"Қазақстанда жалпыға ортақ декларация, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің мүлкі туралы ақпарат ашық бола ма? Бұл туралы заңды нақты талап жоқ. Бүгін Азаттық сұрағына қаржы вице-министрі табысы туралы дерек құпия сақталатын қызметкерлер тобы болатынын айтты.
PaperLab зерттеу ұйымының жетекшісі, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев 2023 жылы негізгі саяси оқиғалар жөнінде сауалнама жүргізіп, қоғам пікірін зерделегенін айтады. Азаттыққа берген сұхбатында ол авторитаризмнің түрленгенін, бірақ негізгі қасиетінен айнымағанын айтады.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапты делінген Салтанат Нүкенованың қазасына байланысты бүгін тағы үш іс қозғалғаны белгілі болды. Мыңдаған адамды тіксінткен оқиғадан соң әйелдерге қарсы қылмыс тақырыбын көпшілік қызу талқылады. Бұл нені өзгертті?
Астанада тұратын Ұлжан есімді әйел атын өзгертті. Үйдегі бес қыздың кенжесі "атыммен бірге келген ауыр жүктен шаршадым" дейді. Қазақта бірнеше қыз қатар туса, сәбиге "ұл" деп басталатын есім қою ырымы бар. Осылай кейінгі бала ұл тусын деп тілейді.
Астанада ер жеткен екі баласымен күндіз мешіт жағалап, түнде тәулік бойы жұмыс істейтін асханаларды паналап жүрміз деген әйел үкіметтен тегін баспана талап етеді. Қазір ешкімге тегін пәтер берілмейді деген әкімдік өкілі әйелдің арнайы бағдарламаға құжат өткізбей жүргенін айтты.
Биыл Астанаға шетел саясаткерлері көп келді. Олардың арасында Ұлыбритания шенділері де бар. Азаттық осы елдің Қазақстандағы елшісі Кэти Личпен сұхбат құрып, екіжақты қарым-қатынастың ерекшеліктерін сұрады. Елші Қазақстандағы миссиясын 2021 жылғы тамызда бастаған.
Қазақстанда аяз әлі қысып, кей жерлерде ауа температурасы -30 градус төмендеген. Күн суыған сайын жер-жерде "ыстық су, жылу жоқ" дейтіндер көбейді. Әлеуметтік желіде қабат-қабат киініп, мұздап отырғандардың видеосы тарап жатыр.
Минск қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті өтті. Жиынға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан президенттері қатысты. Бірақ тағы бір одақтас ел Армения тарабы келмеді. Бұған дейін әскери одаққа енді Қазақстан төрағалық ететіні айтылған.
Қазақстанның футбол құрамасы 20 қараша күні Словения ойыншыларынан жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама ала алмады. Бірақ мүмкіндік әлі бар. Наурызда қазақстандықтар гректермен кездеседі.
Азаттық психолог Гүлнұр Сапаровмен бірге "виктимблеймингтің" табиғатын талқылап көрді.
Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелінің қазасынан соң әлеуметтік желіде зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб тасталды. Марқұмның ағасы қарындасының денесінде жарақаттың өте көп болғанын айтады. Ал Астана полициясы кісі өлімін бірден хабарламады деген күдікпен бір адам қамалғанын хабарлады.
Қазақстандық ақпарат құралдары "экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді" деп ақпарат таратып жатыр.
Ондай істерді құқық қорғау органдары тіркегенімен, көбінде жабылып қалып, жауапсыз аяқталатынын айтады.
27 қыркүйекте Астанадағы кейбір валюта айырбастау орнында 1 доллар 485 теңгеден сатылды. Ертеңіне биржадағы саудадан соң доллар бағамы қайтадан 478 теңгеге түсті. Экономист теңгенің әлсіреуін Ресей рублінің құлдырауынан көреді. Доллардың қымбаттап жатқанына халық та алаңдайды.
2024 жылдан бастап Қазақстанда азаматтар жаппай саусақ табын тапсыруға міндетті. Ішкі істер министрлігі, бұны "азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалды" дейді. Ал құқық қорғаушы "азаматтық қоғам қысымға ұшырайтын репрессияшыл елде бұл қудалаудың құралына айналуы мүмкін" деп алаңдайды.
Астана мектебінде баспалдақтан құлаған 2-сынып оқушысы бас сүйегі сынып, ауруханада жатыр. Бала құқығын қорғау жөніндегі уәкіл қазір қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. Баланың әкесі мектептің үстінен жазған арызын қайтарып алғанын айтты.
Қаржы министрлігі шетелден қаржыланатын үкіметтік емес ұйымдардың, ақпарат құралдары мен жекелеген адамдардың тізімін жариялады. Тізімде құқық қорғаушылар да, журнаистер мен шетел компанияларының өкілдері бар. Сарапшы бұны Ресейдегі "шетел агенті" тізіміне ұқсатады.
Нью-Йоркте Орталық Азия елдерінің басшылары мен АҚШ президенті қатысқан С5+1 саммиті өтті. Кездесуде аймақтың қауіпсіздігі, экономикалық дамуы, қазба байлықты игеру туралы сөз болған. Президенттер Ресейдің Украинаға басқыншылығы, санкция қаупі мәселелерін айналып өткен және өңірдегі адам құқығы жөні
Шығыс Қазақстанда Шар станциясы - Өскемен бағыты бойынша теміржолға қызмет көрсететін компанияның 200-ден астам жұмысшысы бірнеше күннен бері жұмысын тоқтатқан. 180 мың теңгеге күн көру қиын деген наразылар жалақыны кемі 50 пайыз көтеруді талап етеді.
Тағы