Украинада тұрған қазақстандық журналист, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықов қаза тапқан күннің қарсаңында "Шекарасыз тілшілер" қазақ және украин биліктеріне үндеу арнады. Ұйым Астананы қылмыстық істі тергеуде Киевпен әріптестік орнатуға шақырды.
30 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратып, оны Ұлттық қауіпсіздік комитете қосты. Енді арнайы қызметтің құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмыс істейді. Бұл жемқорлықпен күреске қалай әсер етеді?
30 маусым күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда азаматтардың бет-жүзін толық жабуға тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл қауіпсіздік шарасы дін еркіндігін шектемей ме? Әлемдік тәжірибе қандай?
Израильдік NSO Group компаниясының Pegasus бағдарламасын әлемде 45 елдің үкіметі қолданатыны бес жыл бұрын әшкере болған. 2021 жылғы ірі зерттеу Қазақстан президенті, премьер-министрі сынды лауазым иелері мен азаматтық белсенділердің телефоны да тыңдалғанын анықтаған. Ал қазір ол қолданыла ма?
Өзбекстан президенті аппаратында ауқымды кадрлық ауыс-түйіс жасалды. Соның ішінде ең маңыздыларының бірі – президент Шавкат Мирзияевтің қызы Саида Мирзияеваның президент әкімшілігі басшысы лауазымына тағайындалуы болды. 2023 жылдан бері мұндай лауазым Өзбекстанда болмаған, енді ол қайта енгізілді.
Үкімет парламентке есеп берді. Парламеттегі үш партия үкімет жұмысына қарсы. Парламент пен үкіметте қабылданған шешімдер халық өміріне қалай әсер етті? Депутаттар парламентте нені айта алмады? Сарапшымен сұқбат.
Гаагада өткен НАТО саммитінің қорытындысында альянс елдері қорғаныс шығындарын күрт ұлғайтуға келісті. Украинаның ұйымға мүшелігі жайлы бір ауыз сөз де айтылмағанымен, оған қолдау көрсету жалғасатыны жөнінде жеке тармақ бар. Сарапшылар саммит АҚШ президенті үшін үлкен жеңіс болды дейді.
Президент Тоқаев жылдағы дәстүр бойынша, кәсіби мереке қарсаңында бір топ журналисті марапаттады. Ол сыйлық алуға келген тілшілерді "мемлекет саясатын елге түсіндіретін, қоғам мен билік арасындағы көпір" деп атады.
Танымал әнші өзі жұмыс істейтін Түркістан филармониясының бастығын "маған анайы ұсыныс айтып, қысым көрсетті" деп кінәлады. Басшы мұны жоққа шығарды. Кейінірек екеуі бір-бірімен татуласқанын мәлімдеді. Бұл дау қоғамда харассмент тақырыбына қызу пікірталасқа түрткі болды.
Тағы