2017 жылдан бері Азаттықтың әлеуметтік желілер бойынша продюсері. Астанадағы Назарбаев университетін тәмамдаған.
Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.
Қазақстан Конституциясына енетін өзгерістерге байланысты референдум 5 маусым күні өтеді. Билік өзгерістерді «парламенттің ықпалын арттыру, суперпрезиденттік жүйеден бас тарту» деп дәріптейді. Шынында солай ма? Қолданыстағы Конституция мен өзгеріс жобасын салыстырып көрелік.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы жолдауында "енді Қазақстанда суперпрезидент болмайды" деді. Ол президент "ықпалын азайтып, парламентті күшейтуге" ниеттеніп отыр. Бұған сарапшылар күмәнмен қарайды. Тоқаев расымен президент ықпалын азайтпақ па? Азаттық тексеріп көрді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцина жасаушыларды, соның ішінде Қазақстанды да екпенің қауіпсіздігі, пайдалы әсері жайлы деректерді бөлісуге үндеді. Қазақстан ДДСҰ тексеруінен әлі өтпеген отандық QazCovid-in екпесін сынақтың үшінші кезеңі аяқталмай жатып халыққа жаппай еге бастады.
Қыздар ғылым саласында гендерлік дискриминацияға жиі ұшырай ма? Кімнен шабыт алады? Ғылыммен айналысқысы келетін қыздардың ата-анасына қандай кеңес береді? Сілтеме арқылы өтіп, үш зерттеуші қызбен сұхбатты оқыңыз.
Алматыдағы Қытай консулдығы алдында жүріп жатқан пикеттің үшінші күні күзет қызметі байланысты өшіретін аппаратқа ұқсас құрал қолданды. Наразы жұрт бірнеше күннен бері Шыңжаңда қамалған туыстарын босатуды талап етіп келген.
Қазақстанның медицина мекемелеріне арнап коронавирус екпесін өндіретін компания қожайындарының арасында Қазақстандағы ең ықпалды әулеттің туысы бар.
Азаттық депутаттардан жиі сұқбат алады. Олар кейде әртүрлі сылтаумен тілші сұрағына жауап беруден бас тартады. Депутаттардың жауаптан қашқан сәттерін топтап шықтық.
Жұмысшылары төртінші күні ереуілдетіп жатқан "КМК Мұнай" компаниясына кім иелік етеді? Оның Қазақстан бюджетіне төлеген салығы қанша? Бюджет ақша алған ба? Азаттық шолып шықты.
Халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар дабыл қақса да, Қазақстан билігінің тәуелсіз ұйымдарға қысым көрсетуі жалғасып келеді. Елдің салық органдары екі үкіметтік емес ұйымның жұмысын үш айға шектеп, айыппұл салды. Тағы он шақты тәуелсіз ұйым салық органдарының шешімін күтіп отыр.
2000 жылдары экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен "тікелей" сөйлескен, жиырма жылда Қазақстан билігінің тапсырысымен миллиардтаған теңгеге зәулім ғимараттар салып, елдегі ең бай шетелдік кәсіпкердің біріне айналған Феттах Таминже кім?
2016 жылдан бері мәжіліс спикері болып келген Нұрлан Нығматулин жаңа парламентте бұл қызметін сақтап қалды. Оның кандидатурасын барлық депутат "бірауыздан" қолды. Дауыс берер алдында депутаттар Нығматулинді «Назарбаевтың сынына шыдас берген, от пен судан өткен тұлға» деп мақтады.
Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ықпалы күшті саясаткерлердің бірі Заманбек Нұрқаділов 2006 жылғы 12 қарашада жұмбақ жағдайды қаза тапты. Нұрқаділов пен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арасы неге ажырады? Саясаткер оппозицияға қалай өтті? Оқ атылған бөлмеге алғаш кірген адам не дейді?
Қызылорда соты "өкілетін асыра пайдалану" айыбы тағылған төрт полицейдің ісін қарап жатыр. Олар 2019 жылы 10 шілдеде жеңіл көлігін тоқтатқан 43 жастағы Бауыржан Әжібаев полицейлермен арпалыста көз жұмған.
Қызылорда облысының төрт ауылында жылқы қырылып жатыр. Тұрғындардың сөзінше, бір жарым айдан бері екі жүздей жануар өлген және ауырған мал жайылмайды, су да ішпейді. Дертті "жұқпалы емес" деген ветеринар сөзіне жылқысынан айырылған шаруалар күмән келтіреді.
Кейінгі төрт жылда Qazaqstan мемлекеттік телеарнасында жаңалықтар қызметінің арнайы тілшісі болған 34 жастағы журналист Ербол Мәндібек тамызда "бұдан былай телеарнадағы цензураға шыдай алмайтынын" айтып, өз еркімен қызметтен кетті.
Минскіде бір жылдан бері тұрып жатқан қазақстандық Беларустьтегі шерулер туралы не дейді? Ол демонстранттардың қандай ерекшеліктерін байқады? Азаттыққа айтып берді.
Алматы тұрғыны Ерболат Түркеев Желтоқсан құрбандары ескерткіші алдында пикет өткізді. Ол бұрынғы президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызметінен кетуін талап етті.
Ақтөбенің тұрғыны Аманбай Арзығұлов жұма сайын қалалық зиратқа барып, пандемия кезінде өмірден өткен әйелі Бибіғайша Арзығұлова мен ұлы Мереке Арзығұловтың рухына құран бағыштайды. Баласы мен анасы Ақтөбеде індет өршіп, жағдай ушыққан тұста пневмониядан қайтыс болды.
Қазақстан билігі коронавирус карантины кезінде қабылдаған Бейбіт митинг туралы жаңа заң 6 маусымда күшіне енді. Бұл заң жайлы қаншалықты білесіз? Заңды сарапшылар неге сынайды? Азаттық түсіндіреді.
Мамырдың 4-і күні Қызылорда облысы әкімдігіне ондаған әйел келіп, үкімет карантин кезінде уәде еткен 42 500 теңге жәрдемақыны талап етті. Олардың сөзінше, көп балалы әйелдің кейбірі «Нұр Отан» партиясы тағайындаған 50 мың теңге көмекке де ілінбеген.
Тағы