Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Павлодар облысында алтын кеніші шұңқырына құлап кеткен автобусты жер бетіне алып шыға алмай жатқанына екі аптадан асты. Басқа бір апаттан құтқаруға бара жатқан автобуста жүргізуші мен үш тау-кен құтқарушысы болған. Олар жолшыбай опырылған шұңқырға түсіп кеткен. Қаза тапқан екі құтқарушы сол күні автобустың сыртынан табылды. Қалған екеуін әлі іздестіріп жатыр.
Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтада болған қайғылы оқиғадан бір жыл екі ай өткенде сот кеншілер қазасы туралы істі тергей бастады. Марқұмдардың туыстары кінәлілер жазалансын деп отыр. Сотталушылар кінәсін мойындамады. Азаттық процестің бірінші отырысына қатысты.
Павлодар облысы Майқайың кенті аумағында жер опырылып, ойыққа құлап кеткен автобус пен оның ішінде болған екі адам іздестіріліп жатқалы бүгін 12-күн. Бірақ жүргізуші мен құтқарушының туыстары іздеу баяу жүріп жатқанын айтады. Олар бұл іске басқа да мамандарды тартуды сұрап, үндеу жариялады.
Қазақстанда кейінгі уақытта Қылмыстық кодекстің "Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру" туралы 258-бабы билікті сынап жүрген кемінде екі адамға қатысты қолданылды. Ол екеуінің ешқандай радикал іс-әрекеті байқалмаған дейді құқық қорғаушылар. Сонда бұл бап билік жақтырмайтын адамдарды жазалу құралына айналды ма?
Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза болған кеншінің бірі — Юрий Николаенко. Ол 43 жыл шахтер болған. Зейнетке шығарына бірер жыл қалып еді. Марқұмның туыстары "әкеміз жылыжай салып, бау-бақша баптаймын" деп армандап жүретін» дейді. Қаралы шаңырақ апатқа кінәлілердің әділ тергелуін талап етеді.
Қарағандыда Иван Костенко атындағы шахтадағы жарылыстан қаза тапқандарды жерледі. Қаза тапқан алты адам әлі анықталмай жатыр. Кеншілердің отбасы құрал-жабдықтар ескіргенін, шахтада қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталмайтынын кезекті қасіретті оқиға әшкереледі дейді. Бірнеше кеншіні полицияға шақыртып, шу шығармаңдар, ереуіл жасамаңдар деп қолқа салған.
Қазақстандағы кеншілер астанасы – Қарағанды қаласы қара жамылып отыр. Костенко атындағы шахтада болған жарылыс пен өрттен ондаған адам қаза тапты. Қалаға президент, премьер-министр мен үкімет мүшелері келді. Азаттық тілшісін президентпен кездесуге кіргізбеді. Жиында кеншілердің жақындары жыларман болып, азаматтарын жұмысқа жіберуге қорқатынын, жер астындағы адамдардың қауіпсіздігі ешкімнің қаперіне кіріп-шықпайтынын айтты.
Теміртауда трамвай жұмысы тоқтады. Қазақстандағы ең лас қалалардың біріндегі экологиялық таза көліктің болашағы бұлыңғыр. Тұрғындар трамвайды қайта іске қосуды сұрайды, шенеуніктер ол мүмкін емес дейді. Ал трамвай паркіне иелік ететін компания пікір беруден қашқақтайды.
Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының шахталарында кісі өліміне себеп болған төтенше оқиғалардан кейін үкімет компанияны ары қарай не күтіп тұрғанына қатысты бірнеше шулы мәлімдеме жасады. Сарапшылар үкіметтегілер асығыстық қылды, АМТ-ға қатысты нақты жоспар жоқ деген ойда.
Қазақстандықтардың дербес паспортының немесе тұрғылықты мекенжайының деректері желіге тарап кетуі қазір ешкімді таңғалдырмайтын болған. Қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар дербес деректерді жариялау әрекеті жазасыз қалып отыр, себебі заң бәріне бірдей қолданыла бермейді дейді. Ауқымды деректерге ие мемлекет бұл заңды қолайсыз адамдарға қысым көрсету үшін пайдаланады да, өз құрылымдары заң бұзса, көз жұма қарайды.
Қазақстанда жұмыс берушіге жақпайтын мәселе қозғаған жұмысшылар жиі қудалауға ұшырап, жұмыстан шығарылады. ХКК Қазақстанды жұмысшылары сот әділдігіне қол жеткізе алмайтын немесе құқығы шектелген елдердің қатарына жатқызады. Ақмола облысындағы белсенді жұмысшы басынан өткен жайтты Азаттыққа баяндады.
22 тамызда Шахтинскіде "Қазақстан" шахтасында мерт болған тағы екі кеншіні жерледі. Туыстары болған жайтқа қатысты пікір білдіруден тартынды. Бірақ 10 ай бұрын Ленин атындағы шахтада қаза тапқандардың туыстары журналистермен сөйлесуге келісті. Олар "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жауапты
Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы 14 бала белгісіз заттан уланып қалды. Бір бала көз жұмды, алтауы жансақтау бөліміне жатқызылды. Азаттық тілшісі балалардың ата-аналарымен сөйлесті. Орталық өкілдері ештеңе айтпай отыр.
Қарағанды облысы Теміртау қаласында үш аптадан бері мыңдаған адам сусыз отыр. Тұрғындарға су кесте бойынша беріледі. Жергілікті халық төтенше жағдай жариялау керек дейді. Теміртау әкімдігі бұған әлі ерте дегенімен, тозығы жеткен су құбыры жүйесі шаққа тұрғанын мойындайды.
Тағы